Сартаева Назгуль Ташкенбаевна
PhD
Аға оқытушы
n.sartayeva@abaiuniversity.edu.kz
2010 ж. - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «5В010200 - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша бакалавриатты бітіріп, «Бастауыш сынып мұғалімі» біліктілігі берілген.
2012 ж. - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «6М010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша магистратураны аяқтап, педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алған.
2019 ж. – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «6D010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша докторантураны тәмемдап, философия докторы (PhD) дәрежесін иеленді
2012-2012 жж. - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының оқытушысы болған.
2018 ж. қазіргі уақытқа дейін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы.
2016 жылдан бастап оқулықтардың, оқу құралдарының, оның ішінде ҚР БҒМ ҚР мектептеріне Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу пәні бойынша байқау нұсқасы ретінде таратылған 2 тілдегі 3-сынып оқу-әдістемелік кешені авторларының бірі.
2020 жылы шыққан мектепке дейінгі мекемелерге (4-5 жастағы балаларға) арналған «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру» жұмыс дәптерін құрастырушылардың бірі.
80-нен астам мақаласы, авторлық бірлестікте әзірленген 1 оқу құралы, 2 оқу-әдістемелік құралы, 1 педагогикалық сөздігі жарық көрген. Отандық және шетелдік басылымдардағы мақалалары жарияланған. Индекс Хирша – 4.
https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57194280482
https://orcid.org/0000-0001-5123-5553
2018-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранты аясында жүзеге асырылған ғылыми жоба мүшесі.
Соңғы 3 жылдағы біліктілікті арттыру курстары:
2023 ж.- «Keys of understanding a child» SKLAD (№00575 сертификат 84 сағ.)
2026 ж. – «Жоғары оқу орны оқытушыларының кәсіби шеберлігін жетілдіру» (№006125 сертификат, 80 сағ.)