Сагынбаева Эльмира Едиловна
Магистр
Аға оқытушы
e.sagynbaeva@abaiuniversity.edu.kz
1999-2003 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, механика-математика факультеті, «Механика» мамандығында оқып, «Математик, Теориялық және қолданбалы механика саласының маманы» біліктілігі мен Механика бакалавры академиялық дәрежесін алған.
2003-2005 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, механика-математика факультеті, «Механика» мамандығы бойынша оқып, Механика магистрі біліктілігі мен академиялық дәрежесін алған.
2005 - 2021 жылдар аралығында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Физика-математика факультетінің Математика кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды.
2021-2023 жылдар аралығында Ғұмарбек Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Математика және математикалық үлгілеу кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды.
2023 жылдан бастап Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Математика, физика және информатика факультетінің Математика және математикалық модельдеу кафедрасында магистр, аға оқытушы қызметін атқарып келеді.
Ғылыми тәжірибелер мен біліктілік арттыру курстарын өткен:
25.01-05.02.2021 ж. Біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша 72 сағат көлеміндегі «Жоғары оқу орындарында математиканы оқыту» (алгебра және сандар теориясы, математикалық талдау, логика, геометрия, комбинаторика және статистика, ықтималдар теориясы, дифференциалдық теңдеулер, математикалық физиканың теңдеулері), 10.01.2023-20.01.2023 ж. Біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша 72 сағат көлеміндегі «Ықтималдық теориясы және математикалық статистика, бағдарламалаудағы дискретті математика, жылуөткізгіштік теңдеулері және оларды шешу әдістері», 09.09.2024-21.09.2024 ж. Біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша 80 сағат көлеміндегі «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларды педагогикалық -психологиялық қолдау жұмысын ұйымдастыру», 14.11.2025-05.12.2025 ж. Біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша 72 сағат көлеміндегі ҚР "Педагогтар мен психологтар Академиясыны «Сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия» курстарына қатысып, біліктілігін арттырған.
Э.Е.Сагынбаева факультеттің әртүрлі мамандық студенттері үшін міндетті "Математикалық талдау" пәнінен және "Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика", "Сызықты алгебра және аналитикалық геометрия", "Жоғарғы математика", т.б. бірқатар курстарының лекциялық, машықтану сабақтарын жүргізді.
Э.Е.Сагынбаеваның 28-ге жуық ғылыми еңбектері журналдарда, халықаралық және Республикалық конференция материалдарында жарық көрген.