Оразбекова Лязат Ниязбековна

Оразбекова Лязат Ниязбековна

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

l.orazbekova@abaiuniversity.edu.kz


– 1985-1990 жылдары – С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, математика факультетін бітіріп, «Математик. Оқытушы»  (үздік диплом ТВ  №763335) мамандығын алған.


– 1990-1996 жылдар аралығында, Алматы қаласы,  әл-Фараби  атындағы Қазақ ұлттық университеті, Математика факультеті, Жоғары математика кафедрасының стажер-зерттеуші, оқытушы қызметінде болды.


– 1996-1998 жылдар аралығында, Алматы қаласы,  әл-Фараби  атындағы Қазақ ұлттық университеті, аспирантурада оқыды.


– 1998 жылы «13.00.02 – оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесі (Математика)» мамандығынан кандидаттық диссертациясы жазылып, Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді (диплом  ҒК 0004276).


– 2008 жылы «Педагогика» мамандығы бойынша Доцент ғылыми атағы берілді (диплом ДЦ №0000809).


– 1998-2026 жылдар аралығында  әл-Фараби  атындағы Қазақ ұлттық университеті, механика-математика факультеті, Математикалық талдау, кейіннен Математика кафедрасында доцент доцент, профессор м.а. қызметінде.



Ғылыми тәжірибелер мен біліктілік арттыру курстарын өткен:


– 2014  жылы  Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық  университетінде, Санкт-Петербург қаласы, Ресей Федерациясы, ғылыми тағылымдамадан (Теория и методика обучения и воспитания (по областям и уровням образования- Т67)  өткен.


– 2017-18 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған, ҚР «Өрлеу» ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің білімін көтеру институтында  240 сағат көлемінде іскерлік ғылыми тағылымдамадан өткен.


– 2018 жылы  ҚР БҒМ ұйымдастырған 260 сағат көлемінде General and Business English, CLIL интенсивті жазғы тренинг өткен.


Л.Н.Оразбекованың 30 астам мақалалары, 2 оқулық, 3 оқу құралы, 4 оқу-әдістемелік құралдары жарық көрген.  Мақалалары отандық және шет елдік басылымдарда шыққан.   



Артқа қайту