Оразбеков Жасұлан Нұрлесұлы

Оразбеков Жасұлан Нұрлесұлы

Деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары

PhD доктор, қауымдастырылған профессор м.а.

zh.orazbekov@abaiuniversity.edu.kz

Оразбеков Жасұлан Нұрлесұлы – Деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары. PhD доктор, қауымдастырылған профессор м.а.

2001-2006 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде информатика мамандығы бойынша білім алған. 2010-2012 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «6M011100-Информатика» мамандығы бойынша магистратураны бітіріп, «Информатика магистрі» академиялық біліктілігі мен дәрежесі берілген. 

2014-2017 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін  6D070300 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша докторантураны бітірген. 2018-жыл докторлық диссертациясын қорғап, доктор PhD ғылыми дәрежесі берілді.

01.09.2006 ж – 20.08.2007 ж – №59 қазақ орта мектебі информатика пәнінің мұғалімі.

01.09.2007 ж  – 16.05.2008 ж  – Қазақ мемлекеттік Қыздар университеті, «Ақпараттық жүйелер» кафедрасында информатика пәнінің оқытушысы.

17.05.2008 – 01.09.2014 ж – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Информатика және қолданбалы математика» кафедрасының оқытушысы.

2014-2017 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті механика және математика факультетінің «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша докторанты.

2017-2022 жж. – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Информатика және білімді ақпараттандыру» кафедрасының аға оқытушысы, PhD қауым.профессор м.а. 

2022 жылдан бастап математика, физика және информатика факультеті деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары.


Ғылыми тәжірибелер мен біліктілік арттыру курстарын өткен:

Ғылыми зерттеу саласы - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, 50-ден астам ғылыми мақалалардың авторы, халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларға, ғылыми тағылымдамаларға, шетелде арнайы курстарға қатысқан. Оның ішінде 13 жұмыс халықаралық деректер қорының журналдарында (Scopus, Web of Science) жарияланған. Хирш индексі-5 және 1 монография жарық көрген.

Артқа қайту