Мынжасарова Маржангул Жангазиновна
П.ғ.к., қауымдастырылған профессор
Аға оқытушы
m.mynzhasarova@abaiuniversity.edu.kz
· 1992-1996 жылдары Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Математика» мамандығы бойынша білім алып, математика бакалавры академиялық дәрежесін алған.
· 1997-2003 жылдары Алматы қаласындағы А.Қарсақбаев атындағы №41 орта мектепте математика пәнінің мұғалімі қызметін атқарған.
· 2003-2005 жылдары С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Математика» мамандығы бойынша магистратурасын үздік бітірген. «Математика магистрі» біліктілігі және академиялық дәрежесі берілген.
· 2005-2015 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ, Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру теориясы мен әдістемесі кафедрасына аға оқытушысы қызметін атқарған.
· 2010 жылы 13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі математика) мамандығы бойынша «Бастауыш және негізгі орта білім беру деңгейлерінде стохастика элементтерін оқытып-үйретудегі сабақтастық» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын қорғаған. 2011 жылы «Педагогика ғылымдарының кандидаты» ғылыми дәрежесі берілген.
· 2015 жылдан Абай атындағы ҚазҰПУ, «Математика және математикалық моделдеу» кафедрасының аға оқытушысы, 2022 жылдан бүгінге дейін аталған кафедраның қауымдастырылған профессор міндетін атқарушысы.
Ғылыми тәжірибелері мен біліктілігін арттыру:
· 2015-2023 жылдары 1-4 сыныптарына арналған жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында «Математика» («Алматыкiтап баспасы») оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін жазған.
· 2024 жылы Финляндияның Хяме қолданбалы ғылымдар университеті үйлестірген «Педагогикалық білім моделін енгізу және оның мазмұнын нығайту» KZEMP/DS-02 жобасы аясында жоғары білім бағдарламасын әзірлеу және силлабус құрастыру дағдылары бойынша біліктілігін арттырған.
М.Ж.Мынжасарова ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған «Математика» пәнінен ОӘК-нің авторы ( 28 оқулық, 8 əдістемелік құрал, 32 жұмыс дәптері). Жоғары оқу орнының студенттеріне арналған 4 оқу құралы және 2 монографиясы жарық көрген. 40-тан астам ғылыми мақаласы шетелдік және отандық басылымдарда жарияланған.