Мүсілім Өмірзақ Муратбекұлы
Деканның әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары м.а
Магистр
o.mussilim@abaiuniversity.edu.kz
Мүсілім Өмірзақ Муратбекұлы 1999 жылы 21 тамызда Түркістан облысы, Жетісай ауданында дүниеге келген. 2016 жылы Түркістан облысы, Жетісай ауданы, "Кенесары хан атындағы №62 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін тәмәмдаған. 2017 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің информатика мамандығына мемлекеттік грантты ұтып, 2021 жылы аяқтап бакалавр дәрежесін алды. 2022 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіне магистратураға түсіп 2024 жылы Педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.
Еңбек жолын 2021 жылы Алматы облысы, Іле
ауданының №43 орта мектебінде информатика пәнінің мұғалімі болып бастаған.
01.09.2022ж Алматы облысы, Іле ауданы,
№43 орта мектеп диреткоры бұйрығының негізінде Директордың оқу ісі жөніндегі
орынбасары қызметіне тағайындалып осы қызметті 01.09.2025ж дейін атқарған. 2025
жылдың 1 ші Қыркүйегінен бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университеті, математика, физика және информатика факультеті деканының
әлеуметтік тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.
Ғылыми еңбектері
Ө.М Мүсілім, Ж.Н Оразбеков Университеттің
корпоративті порталының аралас деректер ағынын басқаруға бейімделген басқару
жүйесін құру. Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Физика-математика ғылымдары»
сериясы №4 (88), 2024ж. 171-178б
Ө.М Мүсілім, Ж.Н Оразбеков Деректерді
басқаруды автоматтандыру арқылы университеттің әкімшілік қызметін
оңтайландырудағы AnyLogic рөлі «МЕГА БІЛІМ» №1 (30), 2024ж 43-45б.
Ө.М Мүсілім, Ж.Н Оразбеков AnyLogic көмегімен университеттің дерекқорын басқару процестерін оңтайландырудың мүмкіндіктері мен перспективалары. «Жаһандық цифрландыру дәуірінде жасанды интеллекттің білім беру үрдісінде интеграциясы: Стратегиялар, инновациялар және кибер қауіпсіздік мәселелері» атты Халқаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары/ 5 сәуір, 2024ж, 334-343б. ISBN978-601-7175-57-3