Мошқалов Алтынбек Қошқарбайұлы
Деканның
ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары, PhD доктор, қауымдастырылған профессор м.а.
a.moshkhalov@abaiuniversity.edu.kz
Мошқалов Алтынбек
Қошқарбайұлы – деканның ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық
жөніндегі орынбасары.
– 2005-2007 жылдары – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «6M011100-Информатика» мамандығы бойынша магистратураны бітіріп, «Информатика магистрі» академиялық біліктілігі мен дәрежесі берілген.
– 2010-2013 жылдары – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Магистратура және PhD Докторантура институтының «6D010300 - Педагогика және психология» мамандығы бойынша докторантураны бітіріп, 2013 жылы «Студенттердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану негізінде өзін-өзі шығармашылықпен дамытуы» тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғап, доктор PhD ғылыми дәрежесі берілді.
– 2008-2013 жылдары – Абай атындағы Қазақ
ұлттық педагогикалық университеті, физика-математика факультеті, «Оқытудың
ақпараттық жүйелері» кафедрасында информатика пәнінің оқытушысы.
– 2013-2014 жылдары – Педагогика және психология институтының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
– 2014-2024 жылдары – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті математика, физика және информатика институты « Информатика және білімді ақпараттандыру» кафедрасында қауымдастырылған профессоры м.а.
– 2024 жылы – Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті Тестілеу орталығының басшысы.
– 2025 жылғы 1 қыркүйегінен бастап
математика, физика және информатика факультетінің деканның ғылыми жұмыс және
халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары
Ғылыми тәжірибелер мен біліктілік
арттыру курстарын өткен:
– 2009 жылы Үндістанның Сыртқы істер
министрлігі ұйымдастырған техникалық және экономикалық ынтымақтастық
бағдарламасының (ITEC) грантын иегері.
– 2021 жылдан бастап тәуелсіз аккредиттеу
және рейтинг агенттігінің (IAAR) сертификатталған сарапшысы болып табылады.
– 2024-2025
жылы «Болашақ» бағдарламасының «500 ғалым» жобасының грант иегері атанып,
Ұлыбританияның Рединг университетінде 11 айлық ғылыми тағылымдама
өткен.
А.Қ. Мошқаловтың 40 астам мақалалары, 2 оқу-әдістемелік құралдары, 1 монографиясы жарық көрген. Мақалалары отандық және шет елдік басылымдар шыққан. Оның ішінде 8 еңбегі халықаралық базалар журналдарында (Scopus, Web of Science) жарық көрген. Индекс Хиршасы – 2.