Маханова Фарида Ануаровна

Маханова Фарида Ануаровна

Оқытушы

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ

Маханова Ф.А. 1966 жылы Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам селосында туылған. Ұлты - қазақ, Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебін жақсы бағамен аяқтап, 1986 жылы В.В. Куйбышев атындағы Томск мемлекеттік университетінің «Қолданбалы математика және кибернетика» факультетіне «Математик» мамандығы бойынша оқуға түсті.

1992–1994 жылдар аралығында Білім министрлігі жанындағы Ы. Алтынсарин атындағы Ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 1994 жылдан 2006 жылға дейін Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың «Жоғары математика» кафедрасының оқытушысы болып еңбек етті. 2006-2012 жылдары – Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың «Математика» кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарып, «Дифференциалдық теңдеулер», «Математикалық анализ», «Сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия» және басқа да пәндерден дәріс берді.

2007 жылдан бастап Маханова Ф.А. профессор Е.Т. Божановтың жетекшілігімен 01.02.04 – Деформацияланатын қатты дене механикасы мамандығы бойынша «Әркелкі жүктемелердің әсерінен кен орнының орнықтылығы мен тербелісі» тақырыбында кандидаттық диссертациясы бойынша жұмыс жүргізуде. Кандидаттық диссертациямен жұмыс істеген жылдары 10-нан астам ғылыми мақалалары мен тезистері жарық көрді.

2007 жылдың қараша айында Маханова Ф.А. академик Ш. Есеновке арналған Халықаралық ғылыми-техникалық конференцияға қатысып, «Үшбұрышты эпюралы әркелкі көлденең күштің әсерінен Винклер типті серпімді негізде орналасқан тау жыныстары массивіндегі кен орнының опырылуын (выпучивание) сандық есептеулер» және т.б. тақырыптарда мақалалар жариялады.

2008 жылдың маусым айында Ж.Қ. Масановтың 70 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-техникалық конференцияға қатысып, «Винклер типті серпімді негізде орналасқан, бастапқы қиғаш симметриялы толқындылығы бар тікбұрышты пішінді критикалық деформациялар бойынша әркелкі көлденең күштердің әсерінен тау жыныстары массивіндегі кен орнының опырылуы» және «Пастернак типті серпімді негізде орналасқан, сондай-ақ бірқалыпты өстік Nkp қысымы бар, бастапқы қиғаш симметриялы толқындылығы бар трапеция пішінді критикалық деформациялар бойынша әркелкі көлденең күштердің әсерінен тау жыныстары массивіндегі кен орнының опырылуы» және т.б. тақырыптарда мақалаларын жариялады. Маханова Ф.А. ғылыми-педагогикалық өтілі 20 жылдан асады.

2013–2022 оқу жылдарында Маханова Ф.А. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Механика-математика факультетінің Дифференциалдық теңдеулер және басқару теориясы кафедрасында жұмыс істеді.

2023–2026 оқу жылдарында Маханова Ф.А. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Механика-математика факультетінің «Математика» кафедрасында қызмет атқарды. Жұмыс барысында өзін сауатты маман, жауапты әрі орындаушы қызметкер ретінде көрсете білді, студенттік топтарда беделді оқытушы болып табылады.

БІЛІМІ 

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру күн

В.В. Куйбышев атындағы Томск мемлекеттік университетінің

Математика пәнінің оқытушысы

1991


ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ (тізімі бойынша даярлық деңгейлері)

Бакалавриатта:

Математикалық анализ

Жоғарғы математика

Сызықтық алгебра

Аналитикалық геометрия

Дифференциялдық теңдеулер

Комплекс айнымалы функциялар теориясы

Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика

Экономистерге арналған жоғарғы алгебра

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТТЕР – зерттеу тақырыптары, жарияланымдар саны (5 маңыздысын көрсетіңіз)

1. Маханова Ф.А., Божанов Е.Т., Ибраимкулов А.М., Буганова С.Н. - Выпучивание выработки в масссиве горных пород под действии ем неравномерных поперечных сил по крити-ческим деформаци ям тре-угольной формы с начальной симметричной волнистостью, под действием Nкр , находя-щейсяна упругом основании типа Винклера - Материалы международной научно-технической конференции, посвящ. 60летию А.Б.Тунгатарова, 4 стр., 2008г, г.Астана

2. Маханова Ф.А., Божанов Е.Т., Ибраимкулов А.М., Буганова С.Н. - Выпучивание выработки в массиве горных пород под действием неравномерных поперечных сил по крити-ческим деформациям тре-угольной формы с начальной кососимметричной волнистостью, под действием Nкр , находящейся на упругом основании типа Винклера, IV Халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция «Жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдары және олардың Қазақстан республикасының индустриалды-инновациалық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі», 6 стр., 2009г, г.Алматы

3. Маханова Ф.А., Сабалахова А.П. : О разрешимости периодической краевой задачи для одного класса гибридных систем(статья) - Труды межд. научю конф. "Дифференциальные уравнения и математическая физика", приуроченной ко дню науки. - Алматы, 11-12апреля 2014. С. 156-158.

4. Маханова Ф.А., Ким Н.Х., Залевская В.М.: Учебное пособие «Сборник индивидуальных заданий. Математика-1» - Типография «Нур-принт» - 75, 87 стр., 2012г, г. Алматы

5. Маханова Ф.А., Ким Н.Х., Залевская В.М.: Учебное пособие «Сборник индивидуальных заданий. Математика-2» - Типография «Нур-принт» - 75, 70 стр., 2012г, г. Алматы

Артқа қайту