Мақұлбай Әсел Бекзатқызы

Мақұлбай Әсел Бекзатқызы

PhD

Аға оқытушы

a.makulbay@abaiuniversity.edu.kz


ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯН


Мақұлбай Әсел Бекзатқызы — философия докторы (PhD), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Математика және математикалық модельдеу кафедрасының аға оқытушысы. Жоғары білім беру саласында оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.


БІЛІМІ


Оқу орны

Біліктілігі

Бітіру жылы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

5B060100 – Математика, математика бакалавры

2018

Нархоз университеті

6M050800 – Есеп және аудит, экономика ғылымдарының магистрі

2020

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

8D05401 – Математика, PhD докторантура

2023


 


ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ


Ғылыми дәрежесі

Ғылым саласы

Берілген жылы

Философия докторы (PhD)

Математика

2025


 


ЕҢБЕК ӨТІЛІ


2016–2018 жылдары — «Kaspi Bank» АҚ Каспий бөлімшесінің аға қызметкері.


2018–2020 жылдары — «Kaspi Bank» АҚ бөлімше басшысы.


2020–2023 жылдары — Республикалық жоғары медициналық колледждің оқытушысы.


2020–2025 жылдары — Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің докторанты.


2025 жылдан қазіргі уақытқа дейін — Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Математика және математикалық модельдеу кафедрасының аға оқытушысы.


ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ БАҒЫТТАРЫ


Аралас типті теңдеулер, өзгешеленген гиперболалық теңдеулер, локальді және локальді емес шеттік есептер, Трикоми және Бицадзе–Самарский шарттары бар есептердің шешімділігі, дифференциалдық теңдеулер және математикалық модельдеу.


БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ


2024–2026 жылдары математикалық статистика және оның қолданылуы, комплекс айнымалы функциялар теориясы, интегралдық түрлендірулер теориясы, дифференциалдық теңдеулер, инклюзивті білім беру және жасанды интеллект негіздері бойынша курстардан өтті. 2026 жылы AI for Education International Summit халықаралық мастер-класына қатысты.


ҒЫЛЫМИ ЖАРИЯЛАНЫМДАРЫ


2023–2026 жылдары кемінде 8 ғылыми еңбек жариялаған. Оның ішінде Web of Science және Scopus деректер базаларында индекстелетін журналдарда 3 мақала, сондай-ақ халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар жинақтарында мақалалар мен тезистер бар.



Артқа қайту