Бекенаева Кымбат Сламовна

Бекенаева Кымбат Сламовна

Аға оқытушы

PhD доктор

kbekenayeva@abaiuniversity.edu.kz

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ  

Мен, Бекенаева Кымбат Сламовна, ұлтым қазақ. 1996 жылы Абай облысы, Аягөз қаласындағы қазақ лицейін бітіріп, әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университетінің механика-математика факультетіне «Математика» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2000 жылы механика-математика факультетінің аталған мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алдым.

2000 жылдың қыркүйегінен 2001 жылдың маусымына дейін Алматы қаласындағы №149 орта мектепте математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істедім.

2001 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Математика» мамандығы бойынша магистратураға түсіп, оны 2003 жылы сәтті аяқтадым. Магистрлік диссертацияның тақырыбы: «Соболев кеңістіктерінде дереккөзді қалпына келтіру».

Жалпы еңбек өтілім 26 жылды құрайды. 2000-2001 жылдары Алматы қаласындағы №149 орта мектепте 6-8 сыныптарға математика пәнінен сабақ бердім. 2003-2019 жылдары ҚазҰМУ-де физика, математика және медициналық информатика кафедрасында, кейін биофизика курсы бар информатика кафедрасында аға оқытушы қызметін атқардым.

2012 жылдан бастап InterPress және StudyInn мектептерінде ағылшын тілі деңгейімді көтердім, қазіргі уақытта Upper Intermediate деңгейінде, сондай-ақ IELTS халықаралық сертификаты бар.

2022 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «8D054 – Математика және статистика» мамандықтар тобы бойынша докторантура бағдарламасын аяқтадым және 2023 жылдың сәуір айында «Бөлшек ретті псевдопараболалық теңдеу үшін бастапқы-шеттік есептердің шешімділігі» тақырыбында PhD диссертациясын қорғап, «8D05401 – Математика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) академиялық дәрежесін алдым.


БІЛІМ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру күн

 

әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті

Математика бакалавры

30.06.2000ж.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Математика магистрі

30.06.2003ж.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Философия докторы (PhD)

30.06.2022ж.


ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылыми облысы

Диплом берілген күні

Философия докторы (PhD)

D092 Математика және статистика

12.05.2023ж.


ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ (тізімі бойынша даярлық деңгейлері)

Бакалавриатта:

Аналитикалық геометрия және сызықты алгебра, Математика, Дифференциалдық теңдеулер, Интегралдық теңдеулер, Интегралдық түрлендірулер теориясы, Функционалдық талдау, Математикалық физика теңдеулері


ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТТЕР – зерттеу тақырыптары, жарияланымдар саны (5 маңыздысын көрсетіңіз)

Дифференциалдық теңдеулер, дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер, бөлшек ретті псевдопараболалық теңдеулер, бастапқы-шеттік есептер

Жарияланымдар саны 19, оның ішінде ғылыми бағыт бойынша – 5:

1. Айтжанов С.Е., Бекенаева К.С., Жұмағұл Г.О. Разрешимость псевдогиперболического уравнения с нелинейным граничным условием // Вестник КазНУ им аль-Фараби – 2020. – 4 (108), doi:  https://doi.org/10.26577/JMMCS.2020.v108.i4.03.

2. Serik E. Aitzhanov, Abdumauvlen S, Berdyshev,  Kymbat S. Bekenayeva, Solvability Issues of a Pseudo-Parabolic Fractional Order Equation with a Nonlinear Boundary Condition // Fractal and Fractional – 2021. Vol 5, No. 4, 134; doi: https://doi.org/10.3390/fractalfract5040134 (Scopus percentile 87; WoS – Q1)

3. Aitzhanov S.E., Kusherbayeva U.R., Bekenayeva K.S. Solvability of pseudoparabolic equation with Caputo fractional derivative // Chaos, Solitons and Fractals – 2022, Vol 160, 112193;  https://doi.org/10.1016/j.chaos.2022.112193 (Scopus percentile 99; WoS – Q1)

6. Aitzhanov S.E., Bekenayeva K.S., Abdikalikova Z. Boundary Value Problem for a Loaded Pseudoparabolic Equation with a Fractional Caputo Operator // Mathematics – 2023. Vol. 11, Issue 18, 3987; https://doi.org/10.3390/math11183987. (Scopus percentile 93; WoS – Q1)

7. Aloev R.D., Berdyshev, A.S., Alimova, V., Bekenayeva, K.S. Exponential Stability of the Numerical Solution of a Hyperbolic System with Nonlocal Characteristic Velocities. Axioms 2024, 13, 334. https://doi.org/10.3390/axioms13050334. (WoS – Q1)

Артқа қайту