Адил Наурызбай
Аға оқытушы
PhD
a.nauryzbai@abaiuniversity.edu.kz
Адил Наурызбай Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің математика және математикалық моделдеу кафедрасының аға оқытушысы, PhD, жас ғалым. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жас зерттеушілер кеңесінің ақпараттық комитетінің мүшесі.
2012-2016 жылыдар аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «5В010900 – Математика» мамандығы бойынша білім алған.
2016-2018 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «6М060100 – Математика» мамандығы бойынша магистратураны аяқтаған.
2018-2021 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «6D060100 – Математика» мамандығы бойынша білім алған. Абай атындағы ҚазҰПУ Диссертациялық кеңестің шешімімен 2024 жылғы 17 маусымда «6D060100 – Математика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алған.
Диссертациялық зерттеулерінің нәтижелері жоғары оқу орындарында ғылыми математика және математикалық модельдеу бағытындағы мамандарды, сондай-ақ болашақ зерттеушілерді даярлау процесінде қолданысқа енгізілген. Бұл еңбектер базалық және арнайы математикалық пәндерді оқыту барысында академиялық бағдарламалардың ғылыми мазмұнын толықтыра түседі. Ол бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және дарынды жастарды ғылыми ортаға тартуға белсенді түрде атсалысып келеді.
Адил Наурызбай ғылыми-педагогикалық бағытта жоғары деңгейдегі маман ретінде ғылыми математика мамандығындағы магистранттарға жетекшілік етеді. Оның негізгі ғылыми ізденістері математикалық физика теңдеулері саласына бағытталған.
Адил Наурызбай бакалавриатура деңгейіндегі білім беру бағдарламасының (БББ) әзірлеушісі болып табылады. Жоғары білім беру жүйесіндегі көп жылдық ізденісі мен іргелі ғылыми тәжірибесі оған заманауи талаптарға сай, академиялық мазмұны терең және практикалық маңызы зор оқу бағдарламаларын жасауға мүмкіндік береді.
Адил Наурызбай АР 32522045 «Бөлшек ретті парабола-гиперболалық теңдеу үшін бейлокалды есептер және оларлың спектрлік қасиеттері» атты ҚР ҒЖБМ ҒК 2026–2028 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық «Жас ғалым» гранттық қаржыландырылатын жобаның жетекшісі болып табылады.
Ғылыми еңбектері: Адил Наурызбайдың 10-нан астам ғылыми еңбектері жарық көрген, олардың ішінде: ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғарғы білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдарда - 3 мақала; Scopus және Web of Science мәліметтер базаларында индекстелетін журналда - 4 мақала.
2024 жылы күзде президент бастамасымен министрлік тарапынан Жас Ғалымдарға арналған 2 бөлмелі пәтерге ие болды.