27.03.2026
«ӨЗГЕРІСТЕР ДӘУІРІНДЕГІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ МЕН ИННОВАЦИЯЛАРЫ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ
Құрметті әріптестер!
Абай атындағы
Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Педагогика және психология
факультеті, Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика
кафедрасы 2026 жылдың 15 сәуірінде «Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиенің негізін
қалаушы Башен Баймұратованың 100 жылдық мерейтойына орай «ӨЗГЕРІСТЕР
ДӘУІРІНДЕГІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ МЕН ИННОВАЦИЯЛАРЫ»атты
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Халықаралық
ғылыми-практикалық конференция жұмысы екі бағытта жүргізіледі:
1. Замануи
мектепке дейінгі білім берудегі Башен Баймұратованың педагогикалық мұралары
1. Б.
Баймұратованың педагогикалық мұрасы замануи білім беру контексінде;
2.
Б.Баймұратованың мұралары және заманауи балабақша: педагогикалық идеяларға жаңа
көзқарастар
3. Педагогикалық
мұрадан білім беру инновацияларына: Башен Баймұратованың идеялары негізінде
мектепке дейінгі білім беруді дамыту;
4. Б.
Баймұратованың педагогикалық мұрасындағы ұлттық құндылықтар мен дәстүрлер және
олардың замануи білімге интеграциясы.
2. ХХІ
ғасырдағы мектепке дейінгі білім беру: жаңа стратегиялар мен педагогикалық
шешімдер
1. Замануи
мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі инновациялық педагогикалық
технологиялар;
2. ХХІ
ғасырдағы білім беру жағдайында мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі
құзыреттерін дамыту;
3. Замануи
мектепке дейінгі білім беруде дамытушы ортаны құру: жаңа тәсілдер мен
практикалар;
4. Инклюзивті
және цифрлық білім беру жағдайындағы мектепке дейінгі тәрбие;
5. Баланың
табысты даму стратегиясы ретінде отбасы мен мектепке дейінгі білім беру
ұйымының серіктестігі.
Конференцияның
мақсаты: Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиені
негізін салушы Башен Баймұратованың педагогикалық мұрасын ғылыми тұрғыдан
зерттеу және оны кеңінен тарымал ету, мектепке дейінгі білім берудің қазіргі
даму стратегиясын талқылау, сондай-ақ замануи білім беру трансформациялары
жағдайында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды жетілдіруге бағытталған
ғылыми идеялар мен педагогикалық тәжірибелерді бөлісу.
Қатысушылар:
Халықаралық
ғылыми-практикалық конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияны
өткізу нысаны гибридті
форматта жүзеге асырылатын болады. Қатысудың мүмкін формалары: күндізгі және
қашықтықтан.
Баяндаманың
электрондық нұсқасы (жұмыс бағытын көрсете отырып) төменде көрсетілген
электрондық мекенжайға жіберілуі тиіс: aizhanauyezova@mail.ru.
Жауапты тұлға: Айжан Әуезова Телефон: +7 778 875 85 13.