08.04.2026
ӘЗІРБАЙЖАННЫҢ СУМГАИТ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Бүгін Абай
университетінде Әзірбайжанның Сумгайт мемлекеттік университетінің өкілдерімен
кездесу өтіп, екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл кездесу
– екі университет арасында бірлескен білім беру бағдарламасын іске қосуды және
студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлық бойынша тәжірибе алмасуын
көздейді.
Бұл кездесу Қазақстан
мен Әзербайжан жоғары оқу орындары ректорларының II форумы аясында
ұйымдастырылып отыр. 6 сәуір күні Алматы қаласында ҚР Ғылым және жоғары білім
министрі Саясат Нұрбек пен Әзербайжан Республикасының Ғылым және білім министрі
Эмин Амруллаев қатысуымен екі мемлекеттің университет басшылары мен салалық
ведомстволар өкілдері бас қосқан болатын. Форумда мемлекетаралық жоғары білім
беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланып,
әріптестік байланысты кеңейту жобалары ұсынылған.
Форум аясында
Абай атындағы ҚазҰПУ-ға Сумгаит мемлекеттік университетінің өкілдері арнайы
келді. Тараптар жоғары білім беру жүйесінде екі университеттің оқытушылары мен
студенттерінің академиялық ұтқырлық бойынша тәжірие алмасу жолдарын талқылады.
Сондай-ақ, білім алушылар үшін жазғы мектеп, қонақ дәрісі және бірлескен
бағдарламалар дайындау бойынша ойлар ортаға салынды.
Кездесуде
университеттің Басқарма Төрағасы-Ректоры Болат Тілеп және Әзірбайжанның Сумгаит
мемлекеттік университеті ректорының м.а. Аминага Садигов ынтымақтастық туралы
меморандумға қол қойды. Бұл меморандум – екі жоғары оқу орындары
арасындағы академиялық және ғылыми ынтымақтастықты кеңейтіп, бірлескен білім беру бағдарламаларын
дамытуға бағытталған.
«Abai University» медиа орталығы