13.03.2026
«ЖАС КӘСІПКЕР ABAI UNIVERSITY» STARTUP-ЖОБАЛАР КОНКУРСЫ ЖАРИЯЛАНАДЫ
Абай атындағы ҚазҰПУ «Жас кәсіпкер Abai University» Startup-жобалар конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды. Конкурстың мақсаты – кәсіпкерлік белсенділікті дамыту және жас зерттеушілер мен профессорлық-оқытушылық құрамды бизнес-жобаларды әзірлеп, оларды іске асыруға қатысуға ынталандыру.
Конкурсқа қатысу
үшін жобасын ұсынып, өтінім беретін кандидатқа қойылатын талаптар келесідей:
- Университеттің
білім алушылары, яғни 1-3 курс студенттері, 1 курс магистранттары, 1-2 курс
докторанттары және жасы 40-тан аспаған (40-жастағыларды қоса алғанда)
постдокторанттар;
- Жасы 40-тан
аспаған Абай атындағы ҚазҰПУ профессор-оқытушылар құрамы (40-жастағыларды қоса
алғанда);
Өтінімдер 2026 жылғы 16 наурыздан 15 сәуірге (демалыс күндерін есепке алмағанда, 15.04.2026 ж. сағат 23:59) дейін қабылданады.
Өтінімдер
электрондық форматта төменде көрсетілген сілтеме және электрондық пошта арқылы
қабылданады:
Электрондық пошта: abayventure@abaiuniversity.edu.kz
Қосымша ақпарат алу үшін Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30 мекенжайы бойынша орналасқан Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылым департаментінің Коммерцияландыру кеңсесіне (№219 кабинет) хабарласа аласыз.
Байланыс
телефондары:
8-775-7744504, 8-776-964-57-57
Ануар Накисбеков,
коммерцияландыру кеңсесінің жетекші маманы
Кенжебаева Улпан, коммерцияландыру кеңсесінің жетекшісі
Электрондық пошта: abayventure@abaiuniversity.edu.kz