01.10.2026
АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ «THE WUR 2027» РЕЙТИНГІНЕ ЕНГЕН ЖАЛҒЫЗ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ
Абай университетінің туған күні қарсаңында тағы бір сүйіншілеген хабар жетті. «Times Higher Education World University Rankings 2027» (THE WUR 2027) нәтижесі бойынша қасиетті қара шаңырақ үздіктер қатарына енгені туралы ақжолтай нәтиже шықты.
2026
жылғы 30 қыркүйекте әлемдегі беделді университеттік
рейтингтердің бірі – «Times Higher Education World
University Rankings 2027» (THE WUR 2027)
нәтижелері жарияланды. Рейтингке Абай университеті алғаш
рет еніп, 2001+ тобына кірді. Бұл – университеттің
халықаралық академиялық кеңістіктегі танымалдығын арттыруға, білім беру сапасын
жетілдіруге, ғылыми-зерттеу әлеуетін нығайтуға және халықаралық ынтымақтастықты
кеңейтуге бағытталған жүйелі жұмысының маңызды нәтижелерінің бірі.
«THE WUR 2027»
рейтингінде орын алған 11 қазақстандық жоғары оқу
орнының қатарында
Абай университеті 6-орынға ие болып, Қазақстанның ТОП-10 университетінің
қатарына енді. Сонымен
қатар, университет «THE WUR 2027»
негізгі әлемдік рейтингінде ұсынылған Қазақстандағы педагогикалық бағыттағы
жалғыз университет атанды. Бұл көрсеткіш университеттің педагогикалық білім
берудегі дәстүрі мен қазіргі ғылыми-білім беру әлеуетінің қарқынды даму үстінде екенін көрсетеді.
Бұл беделді рейтингке Абай
университетінің алғаш рет енуі – білім беру мен ғылым
саласындағы даму бағытының халықаралық өлшемдерге сай келетінін айғақтайтын
маңызды көрсеткіш. Университет соңғы жылдары білім беру бағдарламаларын
жаңғыртуға, білім беру үрдісіне замануи цифрлық технологияларды енгізуге ерекше
көңіл бөліп келеді.
2027 жылғы рейтингке
118 ел мен аумақтан 2297 университет кірген. Бұл өткен жылмен
салыстырғанда 106 университетке артық. Осылайша, «THE World University Rankings 2027» рейтингтің бүкіл тарихындағы
ең ауқымды шығарылым болды. Қазақстанның
қатысу көрсеткіші де рекордтық деңгейге жеткен.
Бағалауға
еліміздің 42 жоғары оқу орны өз деректерін ұсынды. Нәтижесінде олардың 11-і
әлемдік рейтингте нақты позицияға ие болса, тағы 31 университет Reporter
мәртебесінде ұсынылды.
Times
Higher Education университеттерді «Оқыту», «Зерттеу ортасы», «Зерттеу сапасы»,
«Индустриямен өзара әрекеттестік» және «Халықаралық перспективалар» жөнінде бес
негізгі бағыт бойынша кешенді түрде бағалайды.
Абай
университетінің «THE
World University Rankings 2027» рейтингіне енуі –
университет үшін жаңа халықаралық мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды
белес. Бұл нәтиже академиялық басқару салаларындағы жүйелі жұмыстың
сабақтастығын айғақтайды.
Бүгін жаңа бір белесті
бағындырған университет алдағы уақытта әлемдік рейтингтердегі көрсеткіштерін
жақсарту, академиялық ортадағы танымалдылығын арттыру және педагогикалық білім
берудегі көшбасшылық дәстүрін жаңа деңгейде жалғастыру бағытындағы жұмыстарын
одан әрі күшейте түспек.
«Abai University»
медиа орталығы