«Мемлекеттік тіл және тілдік тұлғаны қалыптастыру моделі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Құрметті әріптестер!

 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология факультеті 2026 жылдың 27-қараша күні сағат 10:00-де  «Мемлекеттік тіл және тілдік тұлғаны қалыптастыру моделі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференция мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және оны республика жұртшылығы мен жас ізденушілер, білім алушылар арасында насихаттау, олардың тілдік білімін, дағдысын жетілдіруге ықпал ету, жаңа технологиялар мен жасанды интеллектіні қазіргі білім беру үдерісіне енгізу, мемлекеттік тілді ұлттық құндылықтар негізінде үйретудің жаңа мүмкіндіктерін қарастыру, Факультеттің ғылыми-практикалық қызметінің нәтижелері негізінде қазақ тіл мен тіл білімінің болашағын бағамдау.

Конференцияға отандық белгілі ғалымдар, мемлекеттік мекеме өкілдері мен қоғам қайраткерлері, Республикадағы ЖОО оқытушылары, ҒЗИ ғалымдары, жас ғалымдар, мектеп мұғалімдері, оқулық авторлары, студенттер, магистранттар, докторанттар қатысады.

 

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

- Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтудің ғылыми-әдістемелік мүмкіндіктері;

- Цифрлы лингводидактика: смарт-технологиялар арқылы тілдік дағдыны дамыту тәжірибелері;

- Қазақ тілін кәсіби бағдарлы оқытудың өзекті мәселелері;

- Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында функционалды сауаттылықты қалыптастыру модельдері;

- Әлем тілдерін оқытудағы жаңа үдерістер мен технологиялар.

 

Конференция офлайн және онлайн форматта өтеді. Онлайн конференцияға қатысу үшін сілтеме қосымша жіберіледі, сонымен қатар Факультеттің әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады.

Конференция қатысушыларының баяндамалары мен мақалалары электронды жинақ түрінде  шығарылады. Жас ғалымдардың ізденістері ғылыми жетекшілерінің пікірімен бірге қабылданады. Баяндама және мақала мәтінінің толық электронды нұсқасы 2026 жылдың 10-қарашасына дейін қабылданады.

 

Мақала құрылымы:

- Мақала атауы (мақала тақырыбы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылады);

- Мақала авторы (-лары) – аты-жөні және тегі, жұмыс орны (Ескертпе: ЖОО-ның толық атауы көрсетіледі). Тәртіп бойынша қала, мемлекет атауы беріледі;

- Аннотация (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде аңдатпа (100-150 сөз) беріледі. Аңдатпада ғылыми зерттеудің мақсаты, жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығы, құндылығы, зерттеу әдіснамасы, негізгі нәтижелер, жұмыс қорытындысының практикалық мәні қысқаша сипатталады).

- Түйін сөздер (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 5-6 сөзден аспайтын түйін сөздер беріледі).

Мақала төмендегі міндетті бөлімдерден құралыуы тиіс:

- Кіріспе;

- Материал және әдістер;

- Әдебиетке шолу;

- Нәтижелер және талқылау;

- Қорытынды;

- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі (мақала қай тілде болса, сол тілде ұсынылады).

Мақаланың техникалық безендірілуіне қойылатын талаптар: көлемі 5-10 бет, редакторы – WORD, 14 шрифт.  Мәтіндер TIMES NEW ROMAN  қарпімен жазылуы қажет. 14 кегль, жол аралығы – 1; астыңғы және үстіңгі жақ өлшемі – 2 см., оң жақ – 1,5 см., сол жақ – 3 см. Сілтеме жасалатын әдебиет мақала ішінде реттік саны бойынша (тік жақшаның ішінде), мақала соңында толық түрде көрсетіледі. Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Ескерту: мақалада қою қаріппен беруге және астын сызуға рұқсат етілмейді, тек курсивпен ғана беріледі.

 

Ұйымдастырушы: Филология факультеті Қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасы

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, 4-қабат, 417-кабинет.

Жауапты қабылдаушылар: 

Қоқанова Жарқынай, E-mail: zarkynajkokanova25@gmail.com; Байланыс телефоны:  87078272785;

Маралбек Ермұхамет, E-mail: elahau@mail.ru; Байланыс телефоны:  87023513353.

Өтетін уақыты:  2026 жылғы 27-қараша, сағат 10:00;

Өтетін орны: Абай атындағы ҚазҰПУ, Бас оқу ғимараты (Достық даңғылы, 13),

2-қабат, 202 акт-залы.

 

Конференцияға қатысушының өтінімі:

 

1.                Аты-жөні

 

2.                Мемлекет, қала

 

3.                Жұмыс орны, қызметі

 

4.                Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

 

5.                Ұялы телефоны

 

6.                Электронды пошта (е-mail)

 

7.                Баяндама (мақаланың)  тақырыбы

 

8.                Секция атауы