Профессорлар мектепте сабақ өткізді

Алматы қаласында орналасқан Әл-Фараби атындағы №145 мектеп-гимназиясында білім мен ғылым тоғысқан тағылымды шара өтті. Мұнда оқушыларға университет профессорлары дәріс берді. Сөйтіп олардың ғылымға қызығушылығын арттыруға бағытталған «Университет ғылымы - мектеп оқушысына» жобасы жүзеге асты.

Бастама мектеп пен жоғары оқу орндары арасындағы байланысты нығайтып, ұстаздар мен ғалымдардың тәжірибе алмасуына даңғыл жол ашуды көздейді. Жиында «Кітап оқитын ұлт» жобасына қатысқан шәкірттер өздері оқыған шығармаларын ортақ талқылап, өз ойларын да ортаға салды. Олардың басым бөлігі қазақ әдебиеті жауһарларына ден қойған.

БОТАКӨЗ ТІЛЕУБЕКОВА 
ҚАЗҰПУ ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ

- Болашақ оқу орны ретінде бұл жерде біздің болашақ педагог бар шығар деген ойдамыз. Өйткені бұл кісілерді зерттеу бағытына, ғылыми бағытпен бүгінгі күндегі әдістемені жалғастыра отырып үйрету. Болашақ ғалымдары жастары алғыр оларға зерттеу бағытын үйрететін болсақ, әдіс пен зертеу қатар келетін болса меніңше оңтайлы түседі деп ойлаймын.


qonaevtv.kz