ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК OPEN SPACE ӨТЕДІ

Құрметті педагогтер, ғалымдар, жас зерттеушілер!

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Педагогика және психология факультеті, Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы 2026 жылдың 9 қазаны күні «БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІ: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ІРГЕЛІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР» атты педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қыяқбаева Ұлбосын Қозыбаевнаның 60 жас мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік OPEN SPACE өткізеді.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік OPEN SPACE жұмысының бағыттары:

1. Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялар мен заманауи педагогикалық тәжірибелер;

2. Бала тұлғасын дамытудың ғылыми-педагогикалық негіздері;

3. Мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлаудың өзекті мәселелері;

4. Мектепке дейінгі білім берудегі ғылым, тәжірибе және халықаралық ықпалдастық.

Мақсаты: мектепке дейінгі жастағы бала тұлғасының дамуы мен педагог кәсібилігінің өзара байланысын ғылыми тұрғыдан зерделеу, іргелі және қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін талқылау, оларды педагогикалық тәжірибеде қолдану жолдарын айқындау. Іс-шара отандық және халықаралық тәжірибені ықпалдастыру арқылы балаға бағдарланған білім беру ортасын жетілдіруге, педагогтердің зерттеушілік құзыреттілігін дамытуға және ғылыми-практикалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталады.

Қатысушылар: мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, тәрбиешілері мен әдіскерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, білім беру басқармалары мен бөлімдерінің өкілдері, отандық және шетелдік ғалымдар, докторанттар, магистранттар және студенттер.

Іс-шара аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология факультетінің Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының №187 бөбекжай-балабақшасы базасындағы филиалы – «USHQYN LAB» бала дамуы мен мектепке дейінгі білім берудің ғылыми-инновациялық зертханасының салтанатты ашылуы өтеді.

«USHQYN LAB» – мектепке дейінгі білім беру саласындағы ғылым мен тәжірибені ұштастыруға, бала дамуын ғылыми тұрғыдан зерттеуге, заманауи педагогикалық идеялар мен инновациялық тәжірибелерді әзірлеуге, сынақтан өткізуге және білім беру тәжірибесіне енгізуге бағытталған жаңа ғылыми-тәжірибелік алаң.

Зертхана университет ғалымдары, педагогтер, жас зерттеушілер мен болашақ мамандардың кәсіби ынтымақтастығын нығайтып, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен жоғары оқу орны арасындағы сабақтастықты дамытатын «ғылым – білім – тәжірибе» ықпалдастығының инновациялық орталығы ретінде қызмет етеді.

Зертхананың ашылуы мектепке дейінгі білім беру саласындағы ғылыми зерттеулерді тәжірибемен сабақтастыруға, озық педагогикалық бастамаларды қолдауға және бала дамуына бағытталған жаңа ғылыми-инновациялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Іс-шара аясында мектепке дейінгі білім беру саласындағы заманауи педагогикалық идеялар, авторлық әдістемелер, инновациялық технологиялар мен үздік тәжірибелер ұсынылатын «Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялар: идеядан тәжірибеге» атты ғылыми-әдістемелік көрме ұйымдастырылады.

Көрме барысында педагогтер мен зерттеушілер мектепке дейінгі білім беру үдерісінде қолданылатын инновациялық жобалармен, дамытушы білім беру ортасының заманауи үлгілерімен, цифрлық және интерактивті ресурстармен, сондай-ақ баланың танымдық, шығармашылық және әлеуметтік дамуын қолдауға бағытталған тәжірибелік әзірлемелермен таныса алады.

Сонымен қатар қатысушылар үшін ««USHQYN PRACTICE: идеядан инновациялық тәжірибеге» тақырыбында практикалық шеберлік сыныптар сериясы өткізіледі. Шеберлік сыныптар барысында мектепке дейінгі білім берудегі жаңа педагогикалық тәсілдер мен технологияларды тәжірибеде қолдану жолдары көрсетіліп, қатысушыларға инновациялық әдістерді тікелей апробациялауға, кәсіби тәжірибе алмасуға және жаңа идеяларды бірлесіп талқылауға мүмкіндік беріледі.

Шеберлік сыныптардың негізгі бағыттары: баланың зерттеушілік және шығармашылық әлеуетін дамыту; ойын арқылы оқытудағы инновациялық тәсілдер; STEAM және цифрлық технологияларды мектепке дейінгі білім беруге кіріктіру; заманауи дамытушы ортаны ұйымдастыру; әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларды дамыту; педагогтің инновациялық тәжірибесін жобалау.

OPEN SPACE жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Материалдарды рәсімдеу тәртібі

Баяндама мәтіні (3-5 бет) Microsoft Word редакторында Times New Roman қарпімен рәсімделеді: қаріп өлшемі - 12; жоларалық интервал - 1,0; барлық жағынан жиектер - 20 мм; азат жол шегінісі - 1,25 см.

Негізгі талаптар: бірінші жолда ортаға тураланып, бас әріппен және қалың қаріппен мақала атауы жазылады. Бір жолдан кейін автордың аты-жөні, келесі жолдарда ғылыми дәрежесі мен лауазымы, мекемесі, қаласы және электрондық поштасы көрсетіледі.

 

МАҚАЛАНЫҢ АТАУЫ

Автордың аты-жөні

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы

Мекеменің толық атауы

Қала, мемлекет

Электрондық пошта

Аңдатпа / Abstract. Мәтін, мәтін, мәтін…

Кілт сөздер / Keywords. Кілт сөздер…

Кіріспе / Introduction. Мәтін, мәтін, мәтін…

Негізгі мазмұн / Main content. Мәтін, мәтін, мәтін…

Қорытынды / Conclusion. Мәтін, мәтін, мәтін…

ӘДЕБИЕТТЕР

1.
2.

Баяндаманың электрондық нұсқасы жұмыс бағыты көрсетіліп, төменде берілген электрондық поштаға жіберіледі.

Талаптарға сәйкес келмейтін немесе белгіленген мерзімнен кешіктіріліп ұсынылған материалдар қаралмайды және авторға қайтарылмайды.

Баяндамамен бірге OPEN SPACE қатысушысының тіркелу парағы жіберілуі тиіс (1-қосымша).

Баяндамалар мен тіркелуді қабылдау 2026 жылдың 8 қазанына дейін.

OPEN SPACE нәтижелері бойынша материалдардың электрондық жинағы құрастырылып, қатысушылардың электрондық поштасына жіберіледі. OPEN SPACE-ке қатысу тегін.

Қатысу үшін тіркелу парағы мен баяндама мәтінін s.raimkul@abaiuniversity.edu.kz мекенжайына жолдау қажет. Хат тақырыбында «OPEN SPACE: Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі» деп көрсетіледі.

Жауапты тұлға: Райымқұл Сандуғаш Ұмытбекқызы.

Байланыс телефоны: +7 747 498 47 07.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: 050010, Алматы қ., Төле би көшесі, 31, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Педагогика және психология факультеті, Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы, 30 каб.

Қосымша 1