22.09.2026
Информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді
2026 жылғы 02 қазан сағат 14.00-де Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің Информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасының кеңейтілген отырысында «6D011100–Информатика» мамандығы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін Жаксылыков Асет Егнаевичтің «Жоғары оқу орны студенттерінің программалаудан білімін бақылаудың интеллектуалдық моделін жасау және іске асыру» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы талқыланады.
Отырыс офлайн және онлайн форматта өтеді.
Диссертация Абай атындағы ҚазҰПУ-да орындалды. Қорғау тілі
– қазақ тілі.
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕР:
Сагимбаева Айнур Есенгазыевна – педагогика ғылымдарының
докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
(Алматы қ., Қазақстан);
Гриншкун Вадим Валерьевич – педагогика ғылымдарының докторы,
профессор, Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті (Мәскеу қаласы, Ресей
Федерациясы)
РЕСМИ РЕЦЕНЗЕНТТЕР:
Турганбаева Алма Рымбековна – педагогика ғылымдарының
кандиадты, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан);
Беделов Камбар Амангельдиевич – PhD, аға оқытушы, Абай
атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан).
ZOOM https://zoom.us/j/91417381724?pwd=K1kW0esQ76CbV1UcXXB9p1YL3kFFyr.1
ID: 914 1738 1724
Кіру коды: 157509
Мекен-жайы: 050010, Алматы, Төле би, 86, АТжЖИ ғимараты (3 қабат, 306 кабинет).