Информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді

2026 жылғы 02 қазанда сағат 16.00-де Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы кеңейтілген отырысында «8D01507–Информатика» мамандығы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін Бақытбекова Жансая Бақытбекқызының «Болашақ информатика мұғалімінің негізгі мектеп оқушыларын оқытуда визуализациялау технологияларын қолдануға дайындығын қалыптастыру» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы талқыланады.

Отырыс офлайн және онлайн форматта өтеді.

Диссертация Абай атындағы ҚазҰПУ-да орындалды. Қорғау тілі – орыс тілі.

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕР:

Камалова Гульдина Большевиковна – педагогика ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан);

Шекербекова Шырын Тлеубергеновна – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан);

Пак Николай Инсебович – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, В. П. Астафьев атындағы Красноярск мемлекеттік педагогикалық университеті (Красноярск қ., Ресей Федерациясы).

РЕСМИ РЕЦЕНЗЕНТТЕР:

Киселёва Елена Анатольевна – педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан);

Скабаева Гульмира Несипбаевна – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (Алматы қ., Қазақстан).

ZOOM https://zoom.us/j/96995561292?pwd=t8j0JcmTz68pWnrs8Jgl8tN6lEaiVP.1

ID: 980 7336 3422

Кіру коды:1234

Мекен-жайы: 050010, Алматы, Төле би, 86, МФжИФ ғимараты (3 қабат, 306 кабинет).