21.09.2026
«Қазіргі биологиялық білім беру мәселелерін зерттеудің перспективалық бағыттары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді
2026 жылдың 30-31 қазанында педагогика ғылымдарының докторы,
профессор-академик, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының 2 мәрте
иегері, Панфилов ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР ПҒ
академиясының толық мүшесі – академик Жұмаділ Байділдәұлы Чилдибаевтың 80 жас
мерейтойына орай өтетін «ҚАЗІРГІ БИОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУДІҢ
ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына
барлық мүдделі тұлғаларды шақырамыз!
Жұмаділ Байділдәұлы Чилдибаев – педагогика ғылымдарының докторы,
профессор, ҚР Педагогикалық ғылымдар академиясының толық мүшесі – академик,
биология, экология және жаратылыстану ғылымдарының дамуына, ғылыми-әдістемелік
базаны қалыптастыруға, экологиялық білім беру салаларында ауқымды
ғылыми-педагогикалық қызмет атқарып келе жатқан ғалым. Оның халықаралық, ТМД және
республикалық басылымдарда 400-ден астам ғылыми-әдістемелік мақаласы, 79
оқулық пен оқу-әдістемелік еңбегі, 49 типтік оқу бағдарламасы, 46
ғылыми баяндамасы жарық көріп, 19 авторлық куәлікке ие. Ғалымның
кәсіби еңбек жолы 60 жыл уақытты қамтып, бүгінде де ғылыми кадрлар даярлау, жас
зерттеушілерге жетекшілік ету және отандық биологиялық-экологиялық білім беруді
дамыту бағытындағы қызметінде жалғасын табуда. Бүгінгі күнге дейін Жұмаділ
Байділдәұлының жетекшілігінде 4 ғылым кандидаты, 17 философия докторы (PhD)
қорғап, еліміздің түкпір-түкпірінде ғылым мен білімнің дамуына өз үлестерін
қосуда.
Конференция тұрақты даму, экологиялық білім беру, биоалуантүрлілікті
сақтау және қорғау, ғылыми зерттеулер және білім берудің заманауи бағыттары
бойынша ғылыми идеялар мен тәжірибе алмасуға арналған халықаралық алаң болмақ.
Бұл конференция Қазақстан мен шет елдердің жетекші ғалымдарын, оқытушыларын,
зерттеушілерін, докторанттар мен жас ғалымдарды біріктіріп, жаратылыстану
ғылымдары мен білім беру саласындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты
нығайтуға, пәнаралық зерттеулерді дамытуға және ғылыми-педагогикалық тәжірибе
алмасуға ықпал етеді.
Конференцияның мақсаты: Қазіргі биологиялық білім берудің
өзекті мәселелерін ғылыми-теориялық және практикалық тұрғыдан талқылау, биология
ғылымы мен білім беру саласындағы заманауи зерттеулердің нәтижелерімен және
озық тәжірибелерімен алмасу, инновациялық білім беру технологияларын
жетілдірудің перспективалық бағыттарын айқындау. Сонымен қатар, экологиялық
білім беру, биоалуантүрлілікті сақтау, тұрақты даму, цифрлық технологияларды
білім беру үдерісіне енгізу мәселелері бойынша ғылыми пікір алмасу, отандық
және шетелдік ғалымдар мен педагогтердің ғылыми ынтымақтастығын нығайту және
жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін дамыту.
Конференцияның
жұмыс бағыттары:
–
Жоғары оқу орнында қазіргі биологиялық білім беру
мәселелерін зерттеудің перспективалық бағыттары
–
Орта білім беруде қазіргі биологиялық білім беру
мәселелерін зерттеудің перспективалық бағыттары
–
Биоалуантүрлілікті сақтау және қорғаудың қазіргі
мәселелері және Тұрақты даму мақсаттары
–
Жас ғалымдар зерттеулері
Жұмыс форматы: гибридті
(оффлайн - онлайн). Бағдарламада шақырылған спикерлердің пленарлық
баяндамалары, параллель тақырыптық секциялар жүргізіледі.
Конференция қорытындысы бойынша баяндамалар мен докладтар жинағы
электрондық форматта дайындалып, жарияланады.
Ұйымдастыру комитеті: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университеті, Жаратылыстану және география факультеті, биология кафедрасы.
Қатысушылар. Конференцияға биология және жаратылыстану
ғалымдары, экологиялық білім беру, биоалуантүрлілікті сақтау және қорғау,
ғылыми зерттеулер мен цифрлық технологиялар бағыттарында зерттеу жүргізетін
отандық және шетелдік ғалымдар, оқытушылар, зерттеушілер, докторанттар,
магистранттар мен жас ғалымдар, сондай-ақ білім беру ұйымдарының әкімшілік
қызметкерлері қатыса алады.
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
Конференцияға тіркелу тәртібі, п.ғ.д., профессор-академик Ж.Б.Чилдибаевтың мерейтойына арналған құттықтаулар мен естелік хаттарын жолдау жайлы мәліметтер, сондай-ақ басқа да толық ақпарат іс-шараның ресми сайтында https://www.bio-kaznpu.kz/ (немесе Қосымша 1) көрсетілген. Қатысушылар тіркеу формасын 2026 жылдың 20 қазанға дейін толтырып, ұйымдастыру комитетіне жолдауы қажет. Қатысушылардың тіркелу және мақала жариялау жарнасы өздерінің қатысуы расталғаны туралы хабарландыру хатын алғаннан кейін төлейді.
|
Күні |
Уақыты |
Іс-шаралар |
|
30 қазан, 2026 жыл |
09:00-09:30 |
Конференцияның салтанатты ашылуы |
|
09:30-11:30 |
Пленарлық отырыс |
|
|
11:30-13:00 |
Шақырылған спикерлердің баяндамалары |
|
|
13:00-14:00 |
Түскі үзіліс |
|
|
14:00-16:30 |
Секциялық отырыстардың жұмысы |
|
|
16:30-17:00 |
Бірінші күннің қорытындысын шығару |
|
|
31 қазан, 2026 жыл |
09:00-13:00 |
Конференция резолюциясын қабылдау |
Қатысу және мақала ұсыну жарнасы 3000 теңге (KZT).
Тіркелу жарнасына конференцияға қатысу, конференциялық материалдар
кіреді. Бағаға жатын орын, көлік шығындары және бірге келетін адамдардың төлемі
кірмейді.
Мақалаларды дайындау талаптары:
Мақалаларды дайындау кезінде келесі талаптарды сақтау қажет:
электрондық нұсқада терілген мәтін көлемі 10 беттен аспауы тиіс. Шрифт – Times
New Roman, қаріп өлшемі – 14; жоларалық интервал – 1; мәтінді ені бойынша
туралау; абзац шегінісі – 1 см; бет бағыты – портреттік, жоғарғы және төменгі
шеттері – 2,0 см, сол жақ шеті – 3,0 см, оң жақ шеті – 1 см.
Тақырыпты безендіру: Тақырыпты бас әріптермен, қалың шрифпен,
жол ортасына туралап жазу – МAҚАЛА АТАУЫ; Келесі жолға (қалың курсив шрифт, оң
жаққа туралау) – толық аты-жөні; Келесі жолға (курсив шрифт, оң жаққа туралау)
– ғылыми атағы, дәрежесі, лауазымы, жұмыс орны, қала; Келесі жолға (курсив
шрифт, оң жаққа туралау) – байланыс үшін электрондық пошта; 1 жол бос орын
қалдырып – мақала мәтіні. Мәтінде әдебиет тізіміндегі сәйкес дереккөзге
сілтемелерді араб цифрларымен және квадрат жақшаларда көрсету қажет, мысалы:
[1, б. 277]. Бет бойынша сілтемелерді автоматты түрде қолдануға болмайды.
Мақаланың соңында қысқаша мазмұны (резюме) беріледі: орыс тіліндегі
мақала үшін – қазақ және ағылшын тілдерінде; қазақ тіліндегі мақала үшін – орыс
және ағылшын тілдерінде.
Қолжазбаға автор туралы ақпарат қоса беріледі: тегі, аты, әкесінің
аты, ғылыми дәрежесі, атағы, жұмыс орны мен лауазымы, қаласы, елін, сондай-ақ
пошта және электрондық мекенжайы, байланыс телефондары көрсетілуі қажет.
Ұсынылған мәтінді орфографиялық, тыныс белгілері және стильдік қателер
тұрғысынан дұрыс өңдеуді сұраймыз.
Ұйымдастыру комитеті мақалаларды жарияланған тақырыптарға және
безендіру талаптарына сәйкес іріктеу құқығын өз жауапкершілігіне алады.
Конференцияға қатысу, мақалаларды рәсімдеу
және жіберу бойынша байланыс деректері:
1-секция. «Жоғары оқу орнында қазіргі биологиялық білім беру
мәселелерін зерттеудің перспективалық бағыттары» бойынша:
Сапанова
Нұрбану Досымжанқызы, WhatsApp: +7 702 741 97 69, email: sapanova93@inbox.ru
2-секция. «Орта білім беруде қазіргі биологиялық білім беру
мәселелерін зерттеудің перспективалық бағыттары» бойынша:
Кабылбек
Күлшаш, WhatsApp: +7 701 491 75 52, email: Kulshash328@gmail.com
3-секция. «Биоалуантүрлілікті сақтау және қорғаудың қазіргі
мәселелері және Тұрақты даму мақсаттары» бойынша:
Скендирова
Мәншүк, WhatsApp: +7 707 212 36 98, email: ecokonf.2026@gmail.com
4-секция. «- Жас ғалымдар зерттеулері» бойынша:
Шалабай Альбина Тлеуханқызы, WhatsApp: +7 776 606 85 95, email: sarsekeevaalbina@mail.ru