05.08.2026
Abai University постдокторантура бағдарламасы бойынша бос орынға конкурс жарияланады
Абай
атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті постдокторантура бағдарламасы
бойынша бос орындарына орналасуға конкурс өтетіндігін хабарлайды. Постдокторлық
бағдарламаға 40 жасқа дейінгі (қоса алғанда), ғылыми қызметпен, жаңа ғылыми
бағыттарды дамытумен белсенді айналысатын Қазақстан Республикасының азаматы
болып табылатын жас ғалымдар қабылданады.
Үміткер
Постодокторантура туралы Ережеде көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім мыналарды қамтиды:
- конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке куәліктің көшірмесі;
- түйіндеме / CV;
- PhD докторы дипломының көшірмесі;
- Постдокторантура кезеңіндегі үміткердің ғылыми зерттеулер жоспары (Research
Proposal) (басымдық педагогикалық және пәнаралық бағыттар бойынша
ғылыми-зерттеулерге беріледі);
- ғылыми еңбектер мен өнертабыстары үшін берілген патенттер тізімі;
- үміткерлерге жоғарыда көрсетілген талаптарды растайтын құжаттары бар
портфолио (жарияланымдардың бедерлері, WоS пен Scopus базаларындағы
жарияланымдардың дәйеккөздік көрсеткіші, сертификаттар мен патенттер, еңбек
кітапшасының көшірмесі);
- 2 (екі) ұсыныс хат және / немесе алдыңғы жұмыс орындарынан 2 (екі) мінездеме;
- соңғы 5 (бес) жылдағы ғылым және білім саласындағы жетістіктерін растайтын
құжаттар («Болашақ» стипендиясының иегері, Мемлекеттік ғылыми стипендияның
иегері, талантты жас ғалымдарға арналған ғылыми стипендияның иегері, «Үздік
ғылыми қызметкер» атағының иегері, ҚР «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағының
иегері, ҚР ҒЖБМ ғылыми жобаларына жетекшілік ету және қатысу, халықаралық
ғылыми жобаларға жетекшілік ету және қатысу, ғылыми басшылық тәжірибесі және т.
б.).
Конкурстық өтінімдер 2026 жылдың 24 тамыз
айына дейін
(қоса санағанда) Абай
атындағы ҚазҰПУ-дың Инновацияларды дамыту және ғылыми кадрларды даярлау департаментіне тапсырылады.
Мекенжайы: Алматы қ., Қазыбек би к-сі,
30, каб. №214
Жауапты тұлға: Жобалық кеңсенің жетекшісі Алимкул А.М.