22.05.2026
ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМҒА ҚҰРМЕТТІ ПРОФЕССОР АТАҒЫ БЕРІЛДІ
Бүгін Францияның Пуатье университетінің доценті Лича Баджиниге «Құрметті профессор» атағы берілді. Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма Төрағасы-Ректоры Болат Тілеп шетелдік ғалымға марапатты табыстап, жаңа оқу жылынан бастап студенттерге дәріс беруге шақырды. Жоғары марапат университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен беріліп отыр.
Профессор Лича Баджини – Француз
Республикасында өте ауқымды педагогикалық және кәсіби қызмет жолынан өткен
тұлға. Ол өзінің бүкіл еңбек жолын Пуатье университетінде өткізіп, халықаралық
деңгейдегі ынтымақтастықтың өркендеуіне үлес қосты. Ғалымның айрықша еңбегі
ретінде оның Қазақстан мен Орталық Азияда француз тілін дамыту, жоғары оқу
орындарында сабақ беретін француз тілі мамандарының қауымдастығын қалыптастыру
жұмыстарын атауға болады. Сондай-ақ Лича Баджинидің тікелей қолдауымен франциялық
бірнеше студенті Абай университетінде білім алып жатыр.
Биыл шетелдік ғалым отандық
оқытушыларға арналған біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырып, оларға
Францияның ғылыми зертханаларының жұмыс істеу жүйесін көрсетті. Ол Пуатье
университеті мен Орталық Азия жоғары оқу орындары арасындағы байланысты
нығайтуда Erasmus+ бағдарламасының координаторы ретінде үлес қосты. Ғалымның
бастамасымен Абай атындағы ҚазҰПУ мен қазақстандық өзге де ЖОО-ларда бірлескен
оқу бағдарламалары, қос дипломдық жобалар, ғылыми тағылымдамалар және дәстүрлі
көктемгі, жазғы мектеп семинарлары сәтті жүзеге асырылып келеді.
Лича Баджини жоғары құрмет пен
қазақы қонақжайлық үшін университет басшылығы мен ұжымына шынайы ризашылығын
білдірді. Ол еліміздің тарихи жоғары оқу орнында кәсіби жолын жалғастырудың зор
бақыт екенін атап өтті. Алдағы уақытта бірлесе атқаратын қос дипломды білім
беру бағдарламалары мен ғылыми жобалардың жоспарын ортаға салды.
Сонымен қатар, Сорбонна Қазақстан
институтында Лича Баджинидің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Шараға
Қазақстанның өзге де жетекші жоғары оқу орындарының зерттеуші ғалымдары қатысты.
Басқосуда еліміздегі француз тілін оқытудың жай-күйі мен дамыту
перспективаларын, шетел тілдерін оқытудың заманауи әдістемелерін талқыланды.
«Abai University»
медиа орталығы