15.05.2026
ҚОЛДАНБАЛЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТАЛДАУЫ (ABA) БОЙЫНША БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ
2026 жылғы 18 мамырдан бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті базасында қолданбалы мінез-құлық талдауы (ABA) бойынша біліктілікті арттыру курсы басталады. Бағдарлама аутизм спектрінің бұзылыстары (АСБ) және дамуындағы басқа да мінез-құлық ерекшеліктері бар балалармен жұмыс істейтін мамандарға арналған.
Курс ABA саласындағы дайындықтың базалық деңгейі болып табылады және мінез-құлық технологиялары туралы іргелі білімді, ABA әдістерін этикалық тұрғыда қолдану қағидаларын, сондай-ақ маманның супервизиясымен жұмыс істеуге арналған практикалық құралдарды меңгертуге бағытталған.
Бағдарламаның көлемі — 80 академиялық сағат. Оқу барысында қатысушылар қолданбалы мінез-құлық талдауының негіздерімен, мінез-құлықты бағалау әдістерімен, дағдыларды қалыптастыру және мінез-құлықты түзету стратегияларымен, сондай-ақ балалармен және олардың отбасыларымен тиімді өзара әрекеттесу қағидаларымен танысады.
Курс авторлары:
— Измайлова Камар Зухра Хамитовна — MS, сертификатталған мінез-құлық
аналитигі (BCBA), халықаралық мінез-құлық аналитигі (IBA);
— Абаева Галия Аскербековна — ғылыми кеңесші, профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты, ABA маманы (RBT базалық деңгейі).
Бағдарлама арнайы педагогтарға, психологтарға, логопедтерге,
педагог-ассистенттерге және АСБ мен даму ерекшеліктері бар балаларды
сүйемелдеудің заманауи ғылыми негізделген тәсілдерін меңгеруге қызығушылық
танытқан басқа да мамандарға арналған.